Департамент туралы

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Акмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құзыреті шегінде медициналық қызмет көрсету және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасының айналысы саласындағы бақылау, реттеу және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.
  2. Департаменттің негізгі міндеттері:
    медициналық қызмет көрсету және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасының айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасының қауiпсiздiгiн, сапасын, тиiмдiлігін қамтамасыз ету, ғылым мен техниканың, әлемдiк тәжiрибенің жетiстiктерiн пайдалану болып табылады.

 

 

Акмолинская обл. г. Кокшетау, ул. Кудайбердиева 27 3 этаж. тел: 8(7162)50-96-04