Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті ҚР ДСМ Фармация Комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» Сіздің назарыңызға және міндетін атқарушының Фармация комитеті төрайымының 2018 жылғы 9 cәуірдегі № 128 «Кейбір дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымныКейбір дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымның серияларын партияларын) қолданысын тоқтата тұру туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 71-бабының 17-тармағына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға тыйым салу, оларды тоқтата тұру, айналыстан алып қою немесе шектеу қағидаларының 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшада көрсетілген тізімге сәйкес дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымның сериялары (партиялары) тоқтата тұру туралы. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Алматы қаласы және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменттері осы бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік үш күннің ішінде осы шешім туралы осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымның мемлекеттік тіркеуге өтініш берушілерге (тіркеу куәліктерінің иесін) жазбаша хабарласын. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық бөлімшелері): 1) осы бұйрықты алған сәттен бастап күнтізбелік бес күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдары мен арнайы баспа басылымдары арқылы облыстардың, республикалық маңыздағы қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, дәрілік заттарды өндірушіге (оның Қазақстан Республикасының аумағындағы өкіліне), дистрибьюторларға, «СҚ-Фармация» ЖШС-не, сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық қызметтерді жүзеге асыратын субъектілерге, және құзіреті бойынша басқа да мемлекеттік ұйымдарға жеткізсін; 2) күнтізбелік он күн ішінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымның өнімі үлгілерін іріктеуді жүзеге асырады, іріктелген өнім күнтізбелік үш күн ішінде сараптаманы (талдауды, сынауды) жүзеге асыру үшін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына жіберіледі; 3) осы бұйрықты алған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымның серияларын (партияларын) айналымнан шығаруға қатысты тиісті шаралар жүргізсін және күнтізбелік үш күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетіне осы шешімді орындауға қатысты қабылданған шаралар туралы хабарласын. 4. Осы бұйрықтың 1-тармағына сәйкес айналыстан алынып тасталуы тиіс аталған дәрілік заттардың сериялары (партиялары) бар субъектілер ақпаратты алған сәттен бастап күнтізбелік бес күн ішінде орналасқан жері бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшесіне осы шешімді орындауға қатысты қабылданған шаралар туралы хабарласын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті төрағасының орынбасары Н.Ә. Асылбековке жүктелсін. 6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Негіздеме: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптаудың ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 3.2-16/И-5981, 5 сәуірдегі № 3.2-16/И-5974, 5 сәуірдегі № № 3.2-15/И-5986, 5 сәуірдегі № 3.2-15/И-5921 хаттары.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармациякомитеті төрайымының 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 128 бұйрығына қосымша
Тыйым салуға тиіс дәрілік заттармен медициналық мақсаттағы бұйымның серияларының (партияларының) тізбесі
<<< Назад к новостям |
||||||||||||||||||||||||||||||
|