ҚР ДСМ Фармация Комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» Сізге Комитет фармация төрайымының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 303 Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу туралы бұйрығын орындау үшін жолдайды.

Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін

кері қайтарып алу туралы

 

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 84-бабының 1-тармағына, 7) тармақшасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға тыйым салу, оларды тоқтата тұру, айналыстан алып қою немесе шектеу қағидаларының 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшада көрсетілген тізімге сәйкес дәрілік заттардың тіркеу куәліктері кері қайтарылып алынсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті осы бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік үш күннің ішінде осы шешім туралы осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеуге өтініш беруші тіркеу куәлігінің иесіне, дәрілік заттарды өндірушіге (оның Қазақстан Республикасының аумағындағы өкіліне), дистрибьюторларға жазбаша хабарласын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы осы бұйрықтың                  1-тармағында көрсетілген дәрілік затттарды көтерме және бөлшек саудада өткізу объектілеріне жазбаша хабарласын.

         4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті төрағасының орынбасары Н.Ә. Асылбековке жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №RА-532-04-18, 2018 жылғы                            21 қыркүйектегі №RА-533-04-18 Қазақстан Республикасындағы «Сандоз Фармасьютикалс д.д.» тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу туралы хаттары.

        

         Төрайым                                                                             Л. Бюрабекова

                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


<<< Назад к новостям