Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті (бұдан әрі – Комитет) Комитет төрайымының міндетін атқарушы 2018 жылғы 2 қазандағы № 305 «Медициналық техниканың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» бұйрығын орындау үшін жолдайд

№ исх: 18-3/6148   от: 04.10.2018

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Медициналық техниканың тіркеу куәлігін

кері қайтарып алу туралы

 

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 84-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы                          27 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға тыйым салу, оларды тоқтата тұру, айналыстан алып қою немесе шектеу қағидаларының                        2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

         1. Өндіруші Core Biotech Co., Ltd, Корея Республикасы, тіркеу куәлігінің иесі «Мәсімов сауықтыру орталығы» ЖШС, 2016 жылғы                          3 қазандағы ҚР-МТ-5№015825 «Сэлл Скан 100А (Cell Sсan 100А) диагностикалық жабдықтар жиынтығы реагенттерімен және реагенттерге керек жарақтарымен» медициналық техниканының тіркеу куәлігі кері қайтарылып алынсын;

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті осы бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік үш күннің ішінде осы шешім туралы осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген медициналық техниканы мемлекеттік тіркеуге өтініш берушіге (тіркеу куәлігінің иесіне) жазбаша хабарласын.

         3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық бөлімшелері):

1) осы бұйрықты алған сәттен бастап күнтізбелік бес күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдары мен арнайы баспа басылымдары арқылы облыстардың, республикалық маңыздағы қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, медициналық техниканы өндірушіге (оның Қазақстан Республикасының аумағындағы өкіліне), дистрибьюторларға, «СҚ-Фармация» ЖШС-не, сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық қызметтерді жүзеге асыратын субъектілерге және құзіреті бойынша басқа да мемлекеттік ұйымдарға, сонымен қатар құжаттар айналымының бірыңғай электрондық жүйесі және Қазақстан Республикасы Фармация комитеті аумақтық бөлімшелерінің интернет ресурстары арқылы фармацевтикалық қызмет субъектілеріне хабарласын.

2) осы бұйрықты алған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген медициналық техниканы айналымнан шығаруға қатысты тиісті шаралар жүргізсін және күнтізбелік үш күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетіне осы шешімді орындауға қатысты қабылданған шаралар туралы хабарласын.

4. Осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген медициналық техникасы бар субъектілер ақпаратты алған сәттен бастап күнтізбелік бес күн ішінде орналасқан жері бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшесіне осы шешімді орындауға қатысты қабылданған шаралар туралы хабарласын.

         5. Тіркеу куәлігінің иесі немесе дистрибьюторлар (келісім бойынша):

         1) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген медициналық техниканы жинап алуды және кейіннен оны Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес жоюды қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір ай мерзім ішінде орналасқан жері бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшесіне осы тармақтың   1) тармақшасында көзделген шаралардың орындалуы туралы хабарласын.

         6. 2018 жылғы 18 қыркүйектегі №292 «Медициналық техниканың тіркеу куәлігін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті төрайымы бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

         7. Осы бұйрық орындалуының бақылауын өзіме қалдырамын.

8. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: 2018 жылғы 27 қыркүйектегі №74-юр/ОЦМ «Мәсімов сауықтыру орталығы» ЖШС тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы хаты.

        

        

         Төрайымның

           міндетін атқарушы                                                          Н. Асылбеков                                                           

 

                              

 


<<< Назад к новостям