Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті (бұдан әрі – Комитет) Комитет төрайымының 2018 жылғы21 қарашадағы «Дәрілік заттардың серияларын қолдануды және өткізуді тоқтата тұруды алып тастау туралы» № 356 бұйрығын орындау үшін ж

№ исх: 18-3/7384     от: 23.11.2018

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәрілік заттардың серияларын

қолдануды және өткізуді тоқтата

тұруды алып тастау туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысына тыйым салу, олырды тоқтата тұру, айналыстан алып қою немесе шектеу қағидаларының 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Дәрілік заттардың айналысын қайта бастау жолымен дәрілік заттардың серияларын тоқтата тұру алынып тасталысын:

1) Ванкоген, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1,0 г, өндіруші Алкем Лабораториз Лимитед, Үндістан, 2013 жылғы 16 мамырдағы ҚР-ДЗ-5№005451, сериясы 6133495;

2) Видиксанол®, инъекцияға арналған ерітінді, 270 мг йода/ мл – 50 мл, өндіруші «Нур-Май Фармация» ЖШС, Қазақстан, 2016 жылғы 4 наурыздағы ҚР-ДЗ-5№122096, сериясы 18150020517.

         2.  Осы бұйрықты «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі дәрілік затты тіркеу куәлігінің иесіне хабарласын.

          3.  Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің аумақтық бөлімшелері бес күнтізбелік күн ішінде:

облыстардың, Алматы және Астана қалаларының Денсаулық сақтау басқармаларына, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының Кедендік бақылау департаменттеріне, «СҚ-Фармация» ЖШС-қа;

бұқаралық ақпарат құралдары және арнайы баспа басылымдары арқылы фармацевтикалық қызмет субъектілеріне хабарласын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті төрайымының орынбасары Н.Ә. Асылбековке жүктелсін.

         5.    Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

        Негіздеме: эксперттік ұйымның оң сараптамасы (ҚР ДСМ «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы 16 қарашадағы №18-21/И-21854 және № 18-21/И-21855 шығыс хаттары).

 

 

Төрайым                                                                            Л. Бюрабекова


<<< Назад к новостям