Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті (бұдан әрі – Комитет) Комитет төрайымының 2018 жылғы 22 қарашадағы № 357 «Тиеман, көктамырішілік инфузиялар үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1 г.» дәр

«Тиеман, көктамырішілік

инфузиялар үшін ерітінді

дайындауға арналған ұнтақ 1 г.»

дәрілік затының тіркеу куәлігін

кері қайтарып алу туралы»          

 

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 84- бабының 1-тармағына, 7) тармақшасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы 106 бұйрығымен бекітілген дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға тыйым салу, оларды тоқтата тұру, айналыстан алып қою немесе шектеу қағидаларының 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1.Тіркеу куәлігінің иесі Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ, Швейцария,өндіруші Мерк Шарп и Доум Корп АҚШ, Тиеман,көктамырішілік инфузиялар үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1 г дәрілік затының 2014 жылғы 3 желтоқсанда берілген нөмірі ҚР-ДЗ-5№021020 тіркеу куәлігі кері қайтарып алынсын.

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті осы бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік үш күннің ішінде осы шешім туралы осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген дәрілік затты мемлекеттік тіркеуге өтініш берушілерге (тіркеу куәлігінің иесіне) жазбаша хабарласын.

3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі –Комитеттің аумақтық бөлімшелері):

1) осы бұйрықты алған сәттен бастап күнтізбелік бес күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдары мен арнайы баспа басылымдары арқылы облыстардың,республикалық маңыздағы қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына,дәрілік затты өндірушіге (оның Қазақстан Республикасының аумағындағы өкіліне),дистрибьюторларға сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық қызметтерді жүзеге асыратын субъектілерге және кұзіреті бойынша басқа да мемлекеттік ұйымдарға жеткізсін;

4.Осы бұйрық орындалуының бақылауын өзіме қалдырамың.

5.Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Негіздеме 2018 жылғы 16 қарашадағы 262-R Шеринг-Плау Сентрал ИСт АГ дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы хаты.

 

 

 

Төрайым                                                                       Л. Бюрабекова


<<< Назад к новостям