ҚР ДСМ Фармация Комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» Фармация Комитет төрайымының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 369 бұйрығы " Медициналық мақсаттағы бұйымның қолдануды және өткізуді тоқтата тұруды алып тастау туралы" орындау үшін жолдайды

Медициналық мақсаттағы бұйымның

қолдануды және өткізуді тоқтата

тұруды алып тастау туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысына тыйым салу, олырды тоқтата тұру, айналыстан алып қою немесе шектеу қағидаларының 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Инъекция үшін бір рет қолдануға арналған катетері мен клапаны бар «POLYFLON» стерильді венаішілік канюлясы, өлшемдері: 14G, 16G, 17G, 18G, 20G, 22G, 24G, 26G» өндіруші Poly Medicure LTD, Үндістан, медициналық мақсаттағы бұйымның айналысын қайта бастау жолымен тоқтата тұру алынып тасталсын.
  2. Осы бұйрықты «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі дәрілік затты тіркеу куәлігінің иесіне хабарласын.

          3.  Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің аумақтық бөлімшелері бес күнтізбелік күн ішінде:

облыстардың, Алматы және Астана қалаларының Денсаулық сақтау басқармаларына, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының Кедендік бақылау департаменттеріне, «СҚ-Фармация» ЖШС-қа;

бұқаралық ақпарат құралдары және арнайы баспа басылымдары арқылы фармацевтикалық қызмет субъектілеріне хабарласын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті төрайымының орынбасары Н.Ә. Асылбековке жүктелсін.

         5.    Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

         Негіздеме: эксперттік ұйымның сараптамасы (ҚР ДСМ «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы 20 қыркүйектегі №18-33/И-17936, «ҚР ДСМ Фармация комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ 2018 жылғы 15 қазандағы № 18-5-22/784 шығыс хаттары, қызметтік жазба).

 

Төрайым                                                                         Л. Бюрабекова

 

 

 


<<< Назад к новостям