ҚР ДСМ фармация Комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті Сізге 15.04.2019 № 36 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 22 мамырдағы № 373 «Рецептілерді жазу, есепке ал

ҚР ДСМ фармация Комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті Сізге 15.04.2019 № 36 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 22 мамырдағы № 373 «Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы бұйрықтың қолданысқа енгізілгені туралы хабарлайды.

         Төменде көрсетілген тармақтар келесі редакцияда жазылған:

      2. Рецептілерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) нысан бойынша бланкілерде тиісті медициналық көрсітілімдер бар болған кезде өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері қағаз және (немесе) электрондық түрде жазып береді.

      9. Рецептілер дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауымен латын тілінде жазылады, пациенттің қабылдауына болмайтын жағдайларда саудалық атауымен жазылады. Рецептілер бланкте көзделген барлық бағандарын міндетті түрде анық толтырумен, қолдану тәсілі, дозасы, жиілігі және қабылдау ұзақтығы көрсетіле отырып, тиісті бағандарда қазақ және орыс тілдерінде жазылады. Жалпылама нұсқаулармен ("Белгілі", "Ішке қолдануға", "Сыртқа қолдануға") шектеулерге жол берілмейді. Рецептіде түзетуге жол берілмейді.

      Қатты шашылатын заттар граммен (0,001; 0,02; 0,3; 1,0), сұйық заттар – миллилитрлерде, грамдарда және тамшыларда жазылып беріледі.

14. Дәрілік заттарға, соның ішінде тегін және жеңілдікті шарттарда босатылатын репцетілер 3 айға дейін жарамды.

         17. Рецептілерді, оның ішінде ТМККК шеңберінде босатылатын дәрілік заттарға арналған рецептілерді сақтау мерзімі 3 жылды құрайды.

 

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ 3 т. 12 б. 3 т. 2 б. Заңына сәйкес хабарлаймыз:

-Бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кешірек енгізілген акт нормалары қолданылады.

 

                                                         Басшы                                                             В. Зимов

 


<<< Назад к новостям